Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО полицейлері сирек кездесетін ауруға шалдыққан сәбидің еміне ақша жинап берді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Бұрлықпаевтар отбасындағы сирек кездесетін ауруға шалдыққан 8 айлық сәбидің еміне ақша жинап берді.

Безымянный

Бұл туралы BNews. kz хабарлайды.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағандықованың мәліметінше, Бұрлықпаевтар отбасы 8 айлық қызының еміне көмек көрсетуді сұрап, полицияға хат жолдаған.

«Сәби өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Бұл дерттің еміне бір жылда бірнеше миллион теңге қажет. Ағайын-туысқандарында мұндай қомақты ақша жоқ, әкесі – әскери қызметші, анасы педагог, декреттік демалысқа шыққан. Кішкентай Әдияның атасы жиырма жылдай ішкі істер органдарында қызмет еткен, қазір демалыста. Облыстық ІІД басшысы, полиция генрал-майорына жәрдем сұрап жүгінген де сол. Талай жылдар бірге еңбек еткен әріптестері Амангелді Құрсабаевтың өтінішіне құлақ асып, нәрестенің еміне ақша жинап берді», – деді Сағандықова.

Қиын сәтте қол ұшын созған тәртіп сақшыларына бүлдіршіннің ата-анасы да алғыстарын жаудырды.

Сәбидің анасы Гүлнәр Бұрлықпаеваның айтуынша, сегіз ай ішінде баланың аяқ-қолы 8 рет сынған. Аурудың бұл түріне шалдыққандар аяқ-қолын тіпті ұйықтап жатқанда да сындырып алуы мүмкін екен.

Өкінішіке қарай, отандық дәрігерлер бұл ауруды емдеуге қауқарсыз, сондықтан олар мәскеулік дәрігерлерге жүгінген. Ресей астанасына бір рет барып келгеннің өзіне бір миллион теңге қажет. Ал сәбиге бір жылда 5-6 терапия курсынан өту керек, дейді ата-анасы.

«Мейірімді, қолы ашық жандар әлі де бар екеніне көзім жетті. Алғашқы емнің қаржысын РФ қайырымдылық қоры төледі. Біздің отандастарымыз да қол ұшын созды. Әріптестеріміз жәрдемдесіп жатыр», – дейді Гүлнәр.

 

 

 

 

Талқылау