Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі балалы жас отбасының  үйлері өртеніп, өздері далада қалды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бір ай бұрын ғана сатып алған баспаналары  үшін олар әлі 15 жыл бойы несие төлеуі тиіс. Олардың несиені жабуға дайындаған ақшасы мен құжатары да жанып кетті. Бар жиған-тергенінен  айырылған жас жұбайлардың ендігі үміті тек қайырымда жандарда.

Өрт түскі уақытта тұтанды. Сол күні жастар ауылдан келетін ата-аналарына арнап, мал сойып күтіп отыр едік дейді. Көрші әйел телефон шалып, шатырларының өртеніп жатқанын айтқан. Естерін жиғанша өрт сөндірушілер де жеткен. Келіншек екінші қабатта қалған әмияны мен құжаттарына ұмтылғанымен, күш алған жалын оған мұрша бермепті. Жанымызды әрең аман алып қалдық дейді олар. Сырты пластикпен қапталған ағаш үй айналасы жарты-ақ сағатта жанып кеткен.

«Құжаттарымыз, ақшамыз бәрі жанып кетті. Аудандағы пәтерімізді екі жарым миллион теңгеге  сатып, несие төлемекші болып едік, ол да болмады. Балалардың, өзіміздің киіміміз – бәрі жанды. Үйде отырған күйі далаға атып  шықтық», – дейді үй иесі Анастасия Попова.

Өртеніп кеткен үйді 14 миллион теңгеге сатып алыпты. Жиған-тергені жетпей, банкте 6 миллион теңге несие ресімдеген. Енді олар жоқ баспанасы  үшін 15 жыл бойына ай сайын 80 мың теңгеден төлеуге мәжбүр.

 «Кеше банкке барып, несие төлемін  жарты жылға шегеру туралы арыз  жаздым. Қарастырамыз деді. Бүгін сақтандыру компаниясының өкілдері келуі тиіс. Егер олар оң шешім шығарса, банктегі  несиемізді жауып тастайды деп үміттенемін. Бірақ нақты қалай боларын кім білсін?», дейді үй иесі Сергей Попов.

10 және 5 жастағы екі қызын  олар  ауылдағы атасы мен әжесінің үйіне жіберіпті. Өздеріне достары екі күнге Петропавлдан пәтер жалдап берген. Ары қарай өмірлерінің қалай  боларын білмейтін отбасы қазір үйіндінің астынан қолға ұстайтын дүниелерін іздеп жүр. Попов жаңа жұмысқа жуырда ғана тұрған екен.

Болжам бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан тұтанған.

Тағы оқыңыз:

2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады

Алматы облысында 2 баланың анасы бір апта бойы танысының үйінде тығылып жатқан

Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің басшысы парамен ұсталды

 

Талқылау