Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 2 баланың анасы бір апта бойы танысының үйінде тығылып жатқан

28 желтоқсанда жоғалып кеткен 24 жастағы 2 балалы әйел Алғабастағы туысының үйінен табылды. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Әйел Алғабас ауданындағы танысының үйінде қонаққа барған. Ол үйіне неге ескерпестен кеткенін айтудан бас тартты.

Оның жоғалғаны туралы 34 жастағы күйеуі 30 желтоқсанда хабарлады. Содан кейін облыстық және аудандық полиция қызметкерлері іздеуді бастап кеткен.

Тіпті, күйеуі теледидар арқылы да  жергілікті халықтан көмектесулерін сұраған.

“Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні әйелдің Алғабастағы танысының үйінде тығылып жатқаны белгілі болды.

Оны Еңбекшіқазақ полиция бөлімшесіне әкеліп, бірнеше сұрақтар қойды. Сосын оның туыстарына хабарланды”, -дейді полиция қызметкері.

Қазір әйел Талдықорғандағы туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің басшысы парамен ұсталды

Астана мешітінде келушінің күртесі мен қалтасындағы 200 мың теңге ұрланды

Талғат Ермегияев 5 тәулікке изоляторға отырғызылды

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Талқылау