Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви «тойынғаннан ысырап той жасады» дегендерге өлеңмен жауап берді

Өткен аптада Сиви Махмұдидің әкесі Махмұд Нәлібаевтің 60 жас тойы бүкіл елді елең еткізді. Себебі әйгілі меценаттың тойы Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Оған қоса, салтанатты жиында еліміздің ең танымал жұлдыздарымен қатар, шетелдік әртістер әннен шашу шашты.

сиви махмуди акесімен 0706

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне құны 120 миллион теңгеге дейін баратын Rolls-Royce автокөлігін сыйласа, жақындары Махмұд Нәлібаевқа су жаңа «Волга» темір тұлпарын тартулады.

Бұл ретте ел Сивидің отбасын «тойынғаннан не істерін білмей, ысырап той жасады» деп сынап үлгерді.

Әнші әрі актриса Сиви елдің сынына өлеңмен жауап берді.

«Әкеміздің 60 жас тойы болды
Мінгізер ат, соярға қойы болды
Тойынғандық емес ол, қуанышын
Ағайынмен бөлісер ойы болды.

Болғаннан қызық деуші ет боладысы
Сынау ғана болған ба қонақ ісі
Дүниесін санаса мына кісі,
Ысырап деп барады ана кісі.
Жақсыларды шақырып жер, көктен сен
Тойды да ұнамайсың терлеп берсең,
Бауырым сен де осындай той берер ең
Еңбектеген кезіңнен еңбектенсең.
Тойдан бұрын әкеміз мешіт салған,
Құнанбайдың жолымен кесіп салған
Қабырғасы жоқ үйге қабырға сап
Есігі жоқ үйлерге есік салған», – деген Сиви көпшілікті таңдай қақтырды.

Желідегілердің басым бөлігі Сивиге қолдау білдіріп жатыр.

“Көре алмайтындарға жақсы жауап болды”, “Авторы кім екен, өте керемет шығарылған, біздің қазақ сол ғой, бар болса бере алмайды, жоқ болса көре алмайды”, “Күшті жазылған, расында еңбек еткен адам бәріне жетеді. Өзі еңбектенді, енді соның жемісін жеп жатыр”, “Керемет, тойға шақырса да сынап кететін адамдар жетеді”, – деп пікір білдірді Сивидің оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Әртістерден құралған “Алатау” футбол командасы Түркия құрамасын жеңіп кетті

Актер Дәурен ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарып алды(фото)

Арашпен мың бұрала билеген Сиви араб әншісіне қанша ақша төледі?

Мақпал Жүнісова: Қаңғырып кеткенім үшін анамнан талай таяқ жегенмін

Талқылау