Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди: Өнерде жүргендіктен, PR-ды қорықпай жасау керек

Әнші әрі аткриса Сиви Махмұди сахнаға шыққан күнінен бастап жарнамаға жаны құмар екенін мойындап қойды. Сиви қанша елдің сынына іліксе де, PR-ды қорықпай жасай беретінін мәлімдеді.

махмудиии

Бұл туралы ол Hit Tv арнасына берген сұхбатында айтты.

«Өнер жолында болған соң қара PR деген бар, мен әрқашан да PR-ды жақсы көретін адаммын. Әсіресе, бұрын енді шығып жүрген кезде… PR-дан қорықпаймыз, өнер жолында жүргеннен кейін өнерге байланысты, қатысты дүниенің бәрін қорықпай жасау керек қой», – дейді Сиви.

Естеріңізде болса, «Соқыр махаббат» атты кинокартинасы жарыққа шықпай тұрып, Сиви әріптесі Ренат Баситтің көлігін талқандап, кезекті рет PR жасады. Сиви өнердегі досымен осымен екінші рет ғашықтардың рөлін сомдады. Бұл орайда қос өнер иесін жұптастыратындарға Сивидің өзі жауап берді.

«Екеумізді қосып жатса, әрине орынды. Енді біз түрткі беріп жатырмыз ғой. Ол да PR бір жағынан. Бірақ бізді қолдап жатқан жолдастарымыз бар ғой. Ол жағын, камераның ар жағында не болып жатқанын халық білмейді. Сол себепті айта берсін», – деп ағынан жарылды Махмұди.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова келініне: Менімен дос болсаң, ұлым ешқайда кетпейді

Әпкесі Қарақаттың қызына гаухар тасты сырға тақты (фото)

Журналист желіде Бибігүл Төлегеноваға тіл тигізгендерге ұрысып тастады

Астанада азан шақыру үшін концертті тоқтатты

Талқылау