Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға жер аударылуы мүмкін

Сирия азаматына тұрмысқа шықан келіншектің өмірі тығырыққа тірелді. Соғыс ошағынан қашып шығып, үш жылдан бері Қарағандыда тұрып жатқан оның күйеуі мен бес баласы кез келген уақытта елден депортациялануы мүмкін. Себебі, ешқайсысына Қазақстан азаматтығы тұрмақ, босқын мәртебесі де берілмеген. Жағдайларын айтып, құзырлы органдарға арызданғанымен еш нәтиже болмаған.

Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға жер аударылуы мүмкін

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сандуғаш Раисова Сирия  азаматымен осыдан 20 жыл бұрын елімізде танысып, тұрмысқа шыққан. Сөйтіп Шам еліне қоныс аударған ол бес баласын да сол жақта өмірге әкеліпті. Ел қатарлы бақытты ғұмыр кешіп жатқан отбасының шырқы соғыс басталған кезде бұзылған. От пен оттың ортасында қалған олар ақыры Қазақстанға оралуға бел буған. Елге жергілікті консулдың көмегімен Түркия арқылы жеткен.

“Сайын далаға қаштық. Білмейміз қай жаққа бара жатқанымызды. Бүкіл ел сол ауылда қашып жатыр. Келгендер өліп жатыр сол жерде. Ол әлсіреп жатқан адамдарға ешкім көмек беріп жатқан жоқ. Ұшақ қайта-қайта келіп бомба тастап жатыр. Ерекектердің ойы отбасын алып шығу, сосын барып өлгендерге қайтып келеді» – дейді Сандуғаш Раисова-Алезалдин.

Сандуғаштың соғыс ошағынан қашып шығып, жарымен және бала-шағасымен Қазақстанға оралғанына үш жыл болған. Қазір бәрі Қарағандыда пәтер жалдап тұрады. Өзі Қазақстан азаматы болғанымен, біздің елдің азаматтығы жоқ балалары көптеген игіліктерден қағылуда екен. БҰҰ өкілдерінің араласуымен мектепке алынғанымен, сырқаттанып қалған кездері ешқандай емхана қабылмайтын көрінеді.

«Құжатқа келіп тіреліп тұр. Не тұрғылықты мекен жай анықтамасы жоқ, ЖСН-і жоқ. Мына жердегі емханаға алып барамын. Ол кісілер: “Сізде тұрғылықты мекен жай анықтамасы жоқ, ЖСН жоқ, қалай қараймыз?” – деді. Бізде заңнан өтіп кете алмаймыз. Қаралыңыз, бірақ төлеңіз дейді. Ал оны менде төлейтін ақша жоқ менде. Мен Қазақстан азаматымын ғой. Мен анасы болғаннан кейін, балаларым да Қазақстан азаматы болуы керек» – дейді Сандуғаш Раисова-Алезалдин.

Қазақстан азаматтығы тұрмақ босқын мәртебесі берілмегендіктен, Сандуғаштың күйеуі мен балалары елден депортациялануы мүмкін. Өтініш жазып, сотқа қанша арызданғандарымен, еш нәтиже болмаған.

«Менен түрлі анықтамалар талап етуде. Сирияға баратындай жағдайым жоқ. Туып-өскен қалам жермен жексен болған. Ата-анам шатырда тұрып жатыр. Бірнәрсені дәлелдейтіндей қолымызда да дәнеме де жоқ. Ықтияр хат алатындай қаржымыз жоқ. Үсітімізде не бар, сол киімімізбен бас сауғалап қаштық қой” – дейді Сирия азаматы Ясер Алезалдин.

Сіңілісінің қиын жағдайы әпкесінің де жанына қатты батуда. Елге келгелі ешбір жағдай жасалмады деп ашынады. Қаражат жағынан көмек болмаса да, балаларының төлқұжатын реттеп берсе екен дейді.

«Қазақстан тарапынан ешқандай көмек жоқ балаларына. Ал өзі Қазақстанның азаматы. Өзінің тұрғылықты мекен-жайы Теміртауда. Балалары енді бесеу. Қазақстан ақша берсін емес, тек қана балаларға қандай құжат жасауға  болады?» – дейді Сандуғаштың әпкесі Алмагүл Раисова.

Ал аймақтағы құзырлы орган өкілдерінің бұған қатысты өз уәждері бар. Айтуларынша, олар Сирияда саяси көзқарастарына немесе нәсілшілдік белгілеріне қатысты қуғынға ұшырамаған. Тек, соғыстан қашып бас сауғалаған.

«Өтініш беруінішінің өзінің айтуы бойынша қандай да қудалау болмағанына байланысты комиссияның шешімі бойынша және соттың шешімі бойынша оған және балаларына босқын статусын беруден бас тартылды. Қарағанды облысының аумағында шетел азаматтары не азаматтылығы жоқ тұлғалар статусымен тіркелмеген» – дейді Қарағанды облысы ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

Осылайша сұм соғыстың кесірінен тұтас бір отасының тағдыры тығырыққа тіреліп тұр. Сирияда соғыс аяқталып жатса олар қайта жер аударылуы мүмкін. Себебі, 1951 жылғы “Босқындар туралы” конвенцияға сүйенсек, отандасымыздың күйеуі мен балалары өзге елдің азаматтары болғандықтан, Қазақстанда заңсыз өмір сүруде. Сондықтан бұл шетін  мәселенің қалай шешілері әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың ұялы телефондары ЖСН-ға байланыстырылады

Қазақстандағы 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының тізімі белгілі болды

«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен алатын өтемақының 12 пайызын қайтаруға наразы болып отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар