Қазақстандықтардың ұялы телефондары ЖСН-ға байланыстырылады

Қазақстандық байланыс қызметін пайдаланушылар 2018 жылдың соңына дейін өз құрылғыларын тіркемеген жағдайда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтардың ұялы телефондары ЖСН-ға байланыстырылады

Министр 2016 жылы мобильді құрылғыларды тіркеуге қойылатын жаңартылған талаптардың енгізілгенін еске салды. Бұл жүйенің іске қосылуы телефон ұрлау санын елеулі түрде азайтуы керек. Мәселен, жәбірленуші полицияға хабарласқан соң, ұрланған телефонды бұғаттауға болады.

«Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, IMEI коды құрылғының иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Ал жаңа ереженің іс жүзінде толық жұмыс істеуі үшін құрылғының IMEI кодын ЖСН-ға және абоненттердің нөміріне байланыстыру қажет. Осылайша, байланыс қызметтерін пайдаланушылар 2018 жылдың соңына дейін өз құрылғыларын тіркеулері керек. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді»,- деді ақпарат және коммуникация министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстан IMEI коды базасын, атап айтқанда, Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан және Украина секілді елдерде қолданылып жүрген тиімді халықаралық тәжірибені ескерді.

«Әрине, біз құрылғыларды тіркеуге байланысты халық арасында дүрбелеу болуы мүмкін екенін түсініп отырмыз. Сондықтан біз тіркеу процесін барынша жеңілдететпекшіміз. Соның ішінде онлайн тіркеу тәртібі де қарастырылады»,- деп қорытындылады Дәурен Абаев.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының тізімі белгілі болды

«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен алатын өтемақының 12 пайызын қайтаруға наразы болып отыр

Өскемендік студент қыз Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар