Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияға баратын адам жинаумен айналысқан қазақстандық сотталды

Батыс Қазақстан тұрғыны Сириядағы террорлық ұйымдарға адам жинап,оларды сол елге жіберіп отырған,-деп жазы « Мой город» басылымы.

түрме

Сирияда “Ислам мемлекеті” террорлық тобы қатарында соғысу үшін азаматтарды жинаған Батыс Қазақстан тұрғыны Украинадан экстрадицияланып, Қазақстанда сотталды.

42 жастағы Руслан Хамзулинов былтыр Украина аумағында ұсталған, ол жақта Қазақстан мен Ресейдегі террорлық шабуылдарды дайындауға қатысқан екен.

Бұдан бөлек, “Ислам мемлекеті” террорлық тобы (Қазақстанда, Ресейде және т. б. елдерде тыйым салынған) қатарында соғысу үшін адамдар жинап, Сирияға жіберген.

Отанына экстрадицияланғаннан соң ер адам ҚР ҚК бес бабы бойынша айыпты деп танылды. Сот оның мүлкін тәркілеп, он жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Ерке Есмахан “қылықтары жасанды” деп сынайтындарға жауап берді

 

Талқылау