Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда террористер ресейлік тікұшақты атып түсірді

Дүйсенбі күні Идлиб провинициясында террористер ресейлік Ми-8 тікұшағын атып түсірді.

1473307472

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі және екі офицер болған. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

“Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізіп Хмеймим әуе базасына қайтып келе жатқан ресейлік әскери Ми-8 ұшағы атып түсірілді”, – делінген РФ қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Бейсенбі күні Ресей мен Сирия бірлесе отырып, бейбіт аудандарға гуманитарлық көмек жеткізу шарасын бастаған болатын.

Талқылау