Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда Қазақстаннан шыққан ДАИШ командирінің көзі жойылды

Ресейдің әуе-ғарыш күштері соңғы екі тәулік бойы Сирияның шығысындағы Ефрат жағалауын бомбалап, ИГИЛ террористік ұйымының жеті командирін жер жастандырды. Оның ішінде Қазақстаннан шыққан командир де бар екен.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді.

“Әртүрлі деңгейдегі жеті командир өлтірілді, оның ішінде Қазақстаннан шыққан Әбу Ислам әл-Қазақи де бар”, – деді Конашенков.

Жалпы екі тәулік ішінде Ефрат жағалауында террорлық топтың 304 содыры өлтіріліп, 170 террорист жараланған. Сондай-ақ, Ресей күштері шетелдік сарбаздар орналасқан жинақтау және дайындық орталығының да көзін жойған. Оның ішінде Солтүстік Кавказдан барған содыр да бар.

Оқи отырыңыз:

Австрияда бетперде мен паранжа киюге тыйым салынды

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

Талқылау