Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австрияда бетперде мен паранжа киюге тыйым салынды

Австрияда 1 қазаннан бастап бетті жауып тұратын паранжа мен өзге бетперделерді киюге тыйым салынды.

Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды.

Мұнымен қатар, билік мереке кезінде бетперде киюге тыйым салды. Десе де, медицина мамандарына бетперде киюге тыйым салынбады. Агенттіктің хабарлауынша, осы заң салдарынан сайық-мазақтар жапа шегіп, жұмыстарынан айырылып қалулары мүмкін. Оның үстіне заң бұзушыларға 150 еуро көлемінде айыппұл салады екен.

Өзге де Еуропа мемлекеттерінде қыз-келіншектерге бетті жартылай жауып тұратын діни киімдер киюге тыйым салынған. Францияда бұл заң 2011 жылы өз күшіне енген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр

Талқылау