Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер еліміздің кей облысында дауыл тұратынын ескертті

«Қазгидромет» РМК  Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

«9 желтоқсанда күндіз, 10 желтоқсан күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында күшті жауын-шашын болады. 8-10 желтоқсан күндері жел оңтүстік-батыстан және батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, 8 – 10 желтоқсан аралығында күндіз желдің екпіні 23-28 м/с-қа, 9 желтоқсанда, ал 10 желтоқсанда түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да артық болады», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, 9 желтоқсан күні тәулік бойы, 10 желтоқсанда түнде жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, кей кездері 30 м/с-тан асады.

Дауыл соғу ықтималдығы – 90-95 %.

Тағы да оқыңыз:

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

Талқылау