Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер аязды күндердің қашан келетінін айтып берді

Қараша айының екінші жартысында Қазақстанның барлық аймағында күн аязды болады, деп хабарлады “Қазгидромет”.

мороз0111

Алайда елімізге алғашқы аяз осы аптаның соңында түседі.

«Айдың алғашқы онкүндігінде Қазақстан аймағынан Орта Поволжье мен Каспий теңізінің оңтүстігінен өтетін екі циклон жүріп өтеді. Оның салдарынан жауын-шашын, қар жауып, тұман басады. Көктайғақ болып, кей өңірлерде қалың қар жауады. Суық антициклонның келуіне байланысты 4-5 қараша күндері ауа температурасы солтүстікте -5-11°С дейін, ал оңтүстікте  0-5°С дейін төмендейді», – делінген сейсенбі күні жария етілген болжамда.

Одан бөлек, барикалық пайда болулардың жиі ауысуының салдарынан күн құбылмалы болады деп хабарланды. Яғни жылы күндер бұлтты күндермен алмасып, күн күрт суиды.

«Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа температурасы -15-27°С дейін, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-батыста -5-12°С дейін төмендейді», – деп хабарлады синоптиктер.

Қысқасы, қараша айында күн құбылмалы әрі тұрақсыз болмақ. Жиі-жиі жауын жауып, тұман, көктайғақ болады. Жауатын қар мөлшері жылдағыдан көп болады.

Сондай-ақ, бұл болжамның да өзгеруі мүмкін екендігі атап өтілді.

Жіберіп алмаңыз: 

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Бала көтеру үшін оқылатын дұғалар

Тартымды адамды сіз бен бізден ерекшелейтін қасиетін білесіз бе?

Алматы облысында уәде етілген үйді ала алмаған үшемнің анасы қиындықтан жылап жіберді

Талқылау