Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тартымды адамды сіз бен бізден ерекшелейтін қасиетін білесіз бе?

Арамызда асып бара жатқан сұлулылығы жоқ, сәнмен киінбейтін, мінсіз болып көрінуге тырыспайтын, бірақ айналасындағыларды өзіне айрықша тартып тұратын адамдар бар.

49f239rf

Бұл ретте мұндай жандарға магнитше тартылуымыздың себебін анықтап көруге тырыстық. Мәселенің ақиқатына, біз ойлағандай, сырт келбет, сұлулықтың титтей де қатысы жоқ.

Тартымды адамдардың тартымдылығының сыры – көңіл-күйі. Бәлкім сенбейтін шығарсыздар.

Бірақ барлығы біз ойлағаннан анағұрлым күрделірек: көңіл-күйдің жақсы болуы емес, оның табиғи әрі қарапайым болғаны маңызды. Сырт келбеті қандай болса да, өзгелерге ішкі сезімін, көңіл-күйін бірден аңғарта алатын адамдар айналасындағылардың көз алдында тартымды көрінеді.

Мұның астарында біздің бейсаналы түрде өзіміздің дүниетанымымызбен өзгенікінің арасынан ұқсастық іздеуіміз жатыр. Сәйкесінше, ой ұқсастығын да іздейміз. Әдетте іздегенімізді тапқан кезде, сол адамға құштар боламыз.

Любека Университеті (Германия) әлеуметтік нейробиология кафедрасының профессоры Силке Андрес жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде осындай тұжырымға келді. Ол еріктілер тобының назарына актрисалар қорқыныш пен мұңаю сезімдерін көрсеткен видеоролиектер ұсынған.

Көрсетілімнен кейін зерттеу жұмысына қатысушылардан видеороликтен көргенін бағалауы сұралған. Нәтижесінде сезімдерін барынша шынайы көрсете білген кейіпкерлердің қатысушалырға тартымды көрінгені анықталды. Ал олардың сырт келбетіне мән берген ешкім жоқ.

Соныен қатар видеоролик көрсетіліп жатқан уақытта қатысушылардың ми белсенділігі өлшенді. Кейіпкерлердің сезімдері мен уайым-қайғысы қатысушылардың түсінуіне оңай берілген сайын, адамды ұнатуға жауап беретін ми аумағы жоғары белсенділік көрсеткен.

Басқа сөзбен айтқанда, өзгенің көңіл-күйін оңай түсініп, қабылдау қабілеті бізді бөгде адамға сенуге мәжбүрлейді. Біз онымен ортақ тіл табыса алатынымызды сезіп, бейсаналы түрде тартыла түсеміз.

 

Талқылау