Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сымсыз құлаққап жарылып, ер адам қаза тапты

28 жастағы ер азамат телефонмен сөйлесу кезінде Bluetooth-құлаққабының жарылуынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға Үндістанның Раджастхан штатында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

Құрылғы есінен танып қалған Ракеш Кумар Нагардың дәл құлағында жарылған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер қайтыс болғанын анықтайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіт жүрек тоқтауынан қаза тапқан. 

Ер адам қуатталып тұрған смартфонына қосылған сымсыз құлаққапты пайдаланған. Жарылыстың салдары сапасыз жиналған құрылғының немесе электр қуатының жоғарылауынан болуы мүмкін деп хабарлануда.

TV9Marathi басылымы былай деп жазады: "Кенеттен жарық сөніп қалды, ал ол қайтадан қосылған кезде Ракеш Кумар Нагардың құлағындағы құлаққаптар жарылды. Мүмкін, бұл әсер құрылғының сапасының төмендігі мен электр қуатын қосқанда пайда болған қуаттың жоғарылауынан болуы әбден ықтимал”.

Құлаққаптың маркасы аталмайды, бірақ бұл модельді танымалдығы аз жергілікті өндірушілердің бірі шығарғаны көпшілікке мәлім. Бұл қымбат емес құлаққаптар жанармай құю бекеттерінде және басқа да шағын сауда нүктелерінде сатылады. 

Алайда мұндай келеңсіз оқиғалар танымал брендтерде де болып тұрады. Бірнеше жыл бұрын Бейжің-Мельбурн рейсінде Beats құлаққаптары жарылып кеткен, ал Флоридада жақында бір адам Apple AirPods құлаққаптарының бірін жарылғанға дейін құлағынан алып үлгерген.  

Талқылау