Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Силикон төс салдырып, ашық-шашық киінетін жұлдызы монах болып кетті (фото)

Актриса әрі модель София Хаят монах әйел болу үшін образын біржола өзгертті. Ол дизайнерлік киімдері мен бояудан бас тартты. София осыған дейінгі өмірін мағынасыз деп есептейді.

main182

«Менің өткен өмірім керемет өтті. Бірақ ол енді маған ұнамайды. Менің бұрынғы суреттеріме қарап отырып күлкім келеді. Мен шын өмірді ұғуым үшін сондай күндерді өткізуім керек болған шығар», – дейді ол.

1368

София мұсылман отбасында дүниеге келіп, Оңтүстік Лондонда тұрған. Оның ата-анасы мен екі ағасы өте қатал болған. Алайда модель ондай қаталдыққа төзе алмаған, деп жазады  Daily Mail.

1369

«Менің атаққа тез қолым жетті. Маған қызыл төсенішпен жүріп, сәнді киімдер киіп шыққан ұнайтын. Төсімді үлкейтіп, ботекс те жасаттым. Жұлдыздардың ешқайсысы пластикалық ота жасатқанарын айта бермейді. Оларға осылайша жалған айтып өмір сүрген ұнайды», – дейді актриса.

3172

София 2014 жылы Лондонға оралып, қонақүйдің бірінде емшіні көріп қалады. «Мен ол туралы сұрап едім, маған оның үйіне барғаныңыз жөн деді. Мен оның үйіне барып, сеансын қабылдап көрдім. Ол менің бойымда ерекше дарын барын айтты», – деп еске алады София.

1459

Сәуір айында актриса силиконды төсін алдырып, алкоголь ішуден, кештерге барудан бас тартып веган болды. Ол осыдан соң джинсы шалбар кимей, тіпті боянбайтын болған. Актриса бұл әрекетін Мумбайда пресс-конференция өткізіп түсіндіруді жөн көреді.

2233

Оның мұндай образы көптеген әріптестені ұнамады. Журналистер де оны екіжүзді деп айыптап жатты. Алайда, актриса осы қалпынан айнымайтынын айтады.

4141

Софияға әлі де телеарналардан ұсыныстар түсіп жатады. Актриса қазіргі образына сай келетін ұсыныстарды ғана қабылдайды. Ол ақысына 500 мың фунтстерлинг төлейтін ұсыныстан бас тартыпты. Өйткені актриса ол үшін шашын көрсетіп, ашық-шашық киіммен жүруі керек болған.

5136

9100

11130

Жіберіп алмаңыз:

Үндістандық монах жыныстық қатынастан бас тарту арқылы 120 жасқа келген

АҚШ-та қарасора өндірісімен айналысатын монах әйелдердің тіршілігі (фото)

Қазақстанда ашық-шашық киімде сахнаға шығуға тыйым салынды

Талқылау