Шыңғыс ханның еуропалық тұқымға жататыны анықталды

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 9:18

Моңғолия мен Оңтүстік Корея генетиктері Шыңғыс ханның генінде еуропалықтардың қаны бар екенін анықтады. Олар Таван-Толгой аймағынан табылған және Моңғол империясының негізін қалаған отбасы мүшелерінің мүрделерінен генетикалық анализ алған.

chingis+khan_Sarnai-10251

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері PLOS ONE журналында жарияланған. Дене қалдықтары табылған адамдардың араларында қандай туыстық байланыс барын анықтау үшін ғалымдар митохондриалды геномадағы генетикалық маркерлерді –ДНҚ-ның қайталанатын фрагменттерін қозғайтын  бірнуклеотидті мутацияларды зерттеді. Сондай-ақ, жыныссыз хромосомалар (аутосома) мен Y-хромосоманың тұқым қуалайтын материалдары зерттеуге алынды.

Аталмыш отбасының R1b-M343 гапло тобына, яғни басым бөлігі Батыс Еуропа мен Оңтүстік Оралда (Ресей) тұратын адамдар тобына кіретіні анықталды. Осылайша, моңғолоидтық түр-келбетке ие болса да, Шыңғыс ханның түп-тамырында еуропалық ген анықталды. Зерттеушілер Моңғол империясының ханы Азияда кеңінен тараған C3c-M48 гапло тобына емес, R1b-M343 гапло тобына жатуы мүмкін деп болжап отыр. Алғашқысы бұған дейін Шыңғыс хан әулетінің түп-негізі саналатын.

Ғалымдардың пікірінше, Таван-Толгойдан табылған адамдар Бүржігін әулеті (Шыңғыс хан тараған тайпа) мен Оңғұт немесе Хонгирад рулық тайпаларының араласуынан шыққан болуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

Туристер түрме деп атайтын Солтүстік Кореядаға 6 жұлдызды қонақүйдің көрінісі (фото)

Қытайда адам санының көптігін дәлелдейтін жаға ұстатарлық көріністер (фото)

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы салынуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар