Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотқа майор мен подполковник тартылды: Шымкенттің соты бірден 38 адамның ісін қарады

Шымкентте облыстық әкімшілік полициясының 30 экс-қызметкеріне қатысты сот басталды. Тіркеу-емтихан бөлімдерінің 5 бірдей басшысы да бар. Екі жылға созылған тергеуден соң басталған сот отырысына келген жұрттың көбі соншалық – залға сыймай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі, КТК арнасына сілтеме жасап.

Сотқа майор мен подполковник тартылды: Шымкенттің соты бірден 38 адамның ісін қарады

Бірінші процесс полиция бөлімінің жиналыс залында өткізілді. Айыпталушы 30 погондымен бірге тағы 8 делдалдың қылмыстық ісі мың жарым томнан асып кеткен. Айыптау актісі бойынша, әкімшілік полиция тіркеу-емтихан басқармасының бұрынғы басшысы Артықбек Жаппаров, қылмыстық топ ұйымдастырған. Яғни, параға жүргізуші куәлігін беріп, кез-келген аймақтың мемлекеттік нөмірін жасап отырыпты. Жалпы саны 38 айыпталушыға қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетсек, тұтас күнгейді дүрліктірген полицейлердің ісі 2 жыл бұрын белгілі болған еді. Ұлттық бюро арнайы операция ұйымдастырып, Шымкент пен оңтүстіктегі бірнеше лауазымды шенділерді бір күнде ұстаған болатын. Күдіктінің біреуі кабинетін құлыптап алып, есікті ашам дегенше кабинеттегі ақшаны өртеген. Тіпті, өртенген ақшаның иісінен уланып ауруханаға түскен-ді. Екі жылға созылған тергеуде күдіктілер келтірген шығын 4 миллиард теңгеден асып кеткенін анықтаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау