Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің ең танымал полицейі Нью-Йорктің үздік полицейімен кездесті

Шымкенттің танымал полицейі Данияр Мейірхан Нью-Йорктің үздік тәртіп сақшысымен кездесті. Кездесу туралы және алған әсері жайлы Данияр Мейірхан өзінің желідегі парақшасында жазды.

17191057_1250208731742063_7679141556254166079_n

“Өз салаңда табысты адамға айналу үшін бірнеше жыл жұмыс істеу қажет емес. Өз ісіңді сүйіп, принциптеріңе адал болу маңызды. Жақында Нью-Йорктің үздік полицейімен кездестім. Димаш Ниязов өз ісін жақсы көретін қарапайым адам. Ол да мен сияқты бокспен шұғылданады екен”, – дейді Данияр Мейірхан.

Тәртіп сақшылары Америкадағы полицей қызметі туралы сөз қылған.

17457629_1250208735075396_645864603784345828_n

“Димаш маған америкалық полицейлердің жұмысы туралы айтып берді. Ол жақта тәртіп сақшылары тәртіп немесе ереже бұзушыны қорқытпайды. Онда бәрі тек заң аясында жұмыс істеп, ешкім ережеден аттап кетпейді. Америкада адамның әрбір қадамы азаматтардың қауіпсіздігіне негізделген. Олардағы материалдық-техникалық база қандай десеңізші! Әрбір патруль барлық тұрғындар туралы толыққанды мәліметке ие. Саусақ таңбасы бойынша бірнеше минуттың ішінде ол барлық жағдайға қанық болып шыға келеді”, – деп жазады Мейірхан.

17457786_1250208741742062_1739339262031513798_n

Димаш Ниязовтың айтуынша, америкалық полицейлер білімді жетілдіруге әркез дайын және жұмыста жаңа технологияларды пайдалануды үйренуге ұмтылады. Ал көлік жүргізушілері тәртіп сақшыларына пара ұсыну туралы ойламайтын да көрінеді. Кездесу соңында Димаш Ниязов подполковникті қонаққа шақырған.

Еске салсақ, Димаш Ниязов – Нью-Йорк қаласында полицей болып жұмыс істейді. Шымкентте туған ол 13 жасында көшіп кеткен.

Оқи отырыңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Қазақстанда құрылысшылар жаңа үйге жұқалтыр қағаздан есік салған (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау