Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер орыс тілін латын қарпіне көшіре бастады

Кейде шымкенттік шенеуніктер мен кәсіпкерлер елбасының бұйрығын орындауда шектен шығып кетеді.

Вывеска-парк-Абая

Бұл туралы go13.kz хабарлайды.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтің келуіне орай Абай саябағының кіре берісінде орнатылған жазу желідегілердің қызу талқысына түсті. Себебі орнатушылар «парк» сөзінің қазақ тілінде аудармасы бар екенін ұмытып, орыс тіліндегі сөзді латын қарпімен жазып қойыпты.

Кейбір бизнесмендер заманнан қалыспайық деп қазақ тілін ғана емес, орыс тілін де латын әрпіне ауыстыра бастады. Қаладағы бір мекемеде латын әріптерінің транскрипциясымен «детский развлекательный комплекс» деген жазу пайда болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды күлкі-мазаққа айналдырып, өз ойларын ашық білдірген. Пікірлердің көбісін цензураны сақтау үшін жариялай алмаймыз.

Комментарии

Жіберіп алмаңыз:

Астаналықтар автобуста тұнжыраған әкім орынбасарын көріп таңғалды

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Шымкенттік гитарашы Астана автобустарында ерекше шоу жасайды

Талқылау