Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист президенттен министр Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті

Шымкент қаласында жарық көретін «Темірқазық-ой» басылымының бас редакторы Анар Сүлеева ҚР Ішкі істер министрі Калмұханубет Қасымовтың қызметінен кетуін талап етті.

9X88SyAGb-M

Сурет: kstnews.kz 

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Бүгінгі жаңалықтарда жағаны ұстатқан, Елбасының саясатына қарсы шығып отырған ІІМ Қ.Қасымов мырза парламент табалдырығында тұрып өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін айқын көрсетті. Елбасы “Сұрақ қай тілде сұратылса, сол тілде жауап бермесе жұмыстан кетуіне, жауапқа тартылуына шара көріледі» деген болатын. Енді, парламенттің мінберінде тұрған Қасымов мырзаға депутаттар неге мемлекеттік тілде жауап беріңіз деп талап қоймады? Машинист-депутат өз сөзінде тұрып сауалды қазақ тілінде берген кезде Қасымов мырзаның құлағынан аударма құлаққапты шекені мемлекеттік тілді түсінбегенін білдірмей ме?», – деп жазды Сүлеева.

«Сіздің саясатыңызға қарсы шыққан, мемлекеттік тілді менсінбеген, Тіл туралы заңды бұзып, тілімізді қорлаған Қасымов мырзаның жұмыстан кетуін Қазақстан мемлекетінің азаматшасы ретінде талап етемін» деген  талабын елбасыға білдірді.

Автор заң орындағылардың заңды менсінбейтін болса, орындалмайтын заң шығаратын босла, парламенттің жұмыс жасап тұруы да заңсыз деп кесіп айтты.

Айта кетейік бұған дейін мәжілістің ең жас депутаты Геннадий Шиповскихтің қазақша қойған сауалына Ішкі істер министрі мемлекеттік тілде жауап бермеген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қалмұханбет Қасымов: рұқсат етілмеген митинг өткізілсе, полиция шара қолданатын болады

Талқылау