Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік «Сыра короліне» қатысты сот аяқталуға жақын

Астанада атышулы істі  қарап жатқан судья бүгін Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты тергеуді аяқтап, үкім шығару үшін кеңесу залына шығып кетті. Әзірге билікті күшпен басып алмақ болған Төлешовке қандай жаза кесілері белгісіз, – деп хабарлайды КТК арнасы.

photo_26527

Сот процесі бір жарым айға созылып онда мемлекеттік құпия айтылғандықтан, жабық түрде өткенін айта кетейік. Төлешовке қарақшылық, қылмыстық топ құрған, адамды заңсыз ұрлап, кісі өлтірген, билікті күштеп басып алмақ болды деген 16 бап бойынша күдікке ілініп отыр.

Қалталы кәсіпкер осы жымысқы ойын іске асыру үшін жер сатуға қарсылық білдірген халықты пайдаланбақ болғанын айтқан еді. Сөйтіп, жаппай митинг ұйымдастырып, билікті басып алмақ болған. Егер сот шымкенттік олигархты кінәлі деп тапса, ең ауыр жаза арқалауы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Некедегі азамат жасырын үйленіп, отбасынан 23 жыл қашып жүрген (фото)

Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды

Қарағандылықтар автобуста арақ ішіп тұрған әйелдерді видеоға түсіріп алды (видео)

Алматыда ұрлықшы әйел телефонды балалар арбасынан суырып алды (видео)

Талқылау