Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Шымкенттік мажордың» әкесі 11 жылға сотталды

Түркістан облысының қылмыстық сотында қылмыс әлемде «түркістандық Эроха» деген лақап атпен және «шымкенттік мажордың» әкесі ретінде танылған Ерехан Сүлейменовке қатысты іс аяқталды.

«Шымкенттік мажордың» әкесі 11 жылға сотталды

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот Сүлейменовтың 2009 жылдан бастап Түркістанның ірі кәсіпкерлерінің бірінен қысым көрсету арқылы ақша алып келгенін анықтады. Сүлейменов кәсіпкерді және оның балаларын қорқытып-үркітіп, одан ай сайын 10 мың доллар ақша алып келген. Сүлейменов осылайша, бірнеше жыл бойы кәсіпкерге қоқан-лоққы көрсету жолымен 214 миллион теңге алған.

Дегенмен, бірнеше айға созылған қылмыстық іске бүгін нүсте қойылды. Сол Ерехан Сүлейменовты қорқытып алу жолымен ақша өндірді және аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап,11 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі қауіпсіздік колониясында өтейтін болады. Сот сондай-ақ жәбірленушінің 213 888 мың теңге көлеміндегі өтемақы төлеу туралы талабын қанағаттандырды.

Сотталушыға жәбірленушінің талаптарын өз еркімен орындауына 2 ай уақыт берілді. Бірақ, сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

«Шымкенттік мажордың» әкесі 11 жылға сотталды

Айта кетейік, сотталушының ұлы да бұған дейін қып-қызыл даудың астында қалған болатын. Оның ұлы Исмаил 2016 жылдың тамыз айында Шымкентте Қонаев даңғылының бойында төрт жұмысшыны қағып өлтірген еді. Оқиғаға кінәлі жас жігіт  сотталғанымен, бірақ кейіннен рақымшылық алып бостандыққа шықты.

Естеріңізде болса, бұған дейін «шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысының басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау