Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 7:40

Дағдарыс пен алқымнан алған қымбатшылықтың кесірі ме, әлде кей адамдар сұғанақтыққа бейім бе, әйтеуір соңғы кездері ұры-қарылардың қатары көбейіп кетті.

ardak

Таяуда Шымкент қаласының тұрғыны Ардақ Әшімова да (суретте) ашықтан-ашық тонаудың құрбаны бола жаздады, деп жазады Замана газеті.

Қаннен қаперсіз өз көлігінде отырған Ардақ ханымның ақша, құжаттар мен басқа да бағалы заттар салынған сөмкесін еңгезердей екі жігіт тартып алмақшы болған. Оқиғаның нақты қалай болғанын ол кісінің өзі бізге әңгімелеп берді.

«Бұл жағдай 16-қазан күні түс қайта орын алды, – дейді Әшімова. – Әдеттегідей шаруаларыммен жүргенмін. Қаланың Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің қиылысқан тұсында бағдаршамның қызыл көзі жанды. Содан ойымда ештеңе жоқ, көлікті тоқтатып, жасыл шамның жа­нуын күтіп отыр едім, кенет еңгезердей екі жігіт артқы есіктен мініп алды. Біреуі алдыңғы орындықта жат­қан сөмкемді жұлып алды да, қашып кетті. Мен де артынша бірге ілесе шығып, сөмкемді алып қашқан жігіттің соңынан қуып жетіп, оны қолынан жұлып алдым. Сол кезде асфальтке етпетінен омақаса құлаған ұрының беті қан-жоса болды. Ал екінші жігіт бұл кезде жолдың арғы бетіне шығып үлгерген еді. Артына қарамай қашып кетті.

Негізі сол сәтте шалт қимылдай алғаныма қазір өзім қуанамын. Мені қатты ыза қысты. «Неге мені біреу ашықтан-ашық тонауы керек?!» деген оймен әрекет еттім. Бірақ бір әттеген-айы, полиция шақыртуым керек еді, мен олай істемедім, көлік кептелісі болмасын деп тез-тез машинама отырдым да, кетіп қалдым».

Ардақ ханым бұл оқиғадан өзгелер де сабақ алса дейді. Әлдекімдердің әлімжеттік жасап, қолындағыны тартып алуына жол бермеуін, сақ болуын ескертіп отыр.

«Егер көлікте жалғыз өзіңіз кетіп бара жатсаңыз, ішінен құлыптап отырған дұрыс. Ал егер ұрылар сізге шабуыл жасаса, құр айқаймен ештеңе өндіре алмайсыз. Есіңізді жиып, бірден іс-әрекетке көшу керек. Себебі мұндай сәтте әрбір секунд, минут қымбат. Үрейге берілмеңіз, ең бастысы – өзгелерге жем болмау жағын ойлаңыз», – дейді ол.

Иә, өмір болғасын түрлі жағдай орын алады. Дегенмен еңгезердей екі жігітке қарсы әрекет жасап, сөмкесін қайтарып ала білген Ардақ ханымның іс-әрекеті ерлік емей немене?

Жіберіп алмаңыз:

Астанада 19 жастағы бойжеткенді күйеу жігіті аяусыз соққыға жыққан

Мамандар әтірді кіндікке себуге кеңес берді

Айыппұлы барлар енді Алматыдан шыға алмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар