Айыппұлы барлар енді Алматыдан шыға алмайды

Жексенбі, 6 Қараша , 2016 10:44

Енді жол ережесін бұзып айыппұл төлеуден қашып жүргендерге Алматыдан аттап басып шығуға тыйым салынбақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

inhfa-pf-tple-tp-cnhfjdrb

Өйткені бір ғана Алматыда жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 11 миллиард теңгеге жеткен. Шенеуніктердің айтуынша, бұл ақшаға көп қабатты 20 тұрғын үй салуға болады екен. Сондықтан жергілікті бюджетке түсімді арттыру үшін әкімдіктің айыппұлды күштеп өндіруден басқа амалы жоқ. Бір айта кетерлігі мұндай қатаң тәртіп берешегі бар жүргізушілердің барлығына қолданылмайды. Тек, ереже бұзып, айлап жылдан жалтарып жүргендерге ғана. Олар қарызын төлемейінше қаладан шыға алмайды. Ал көлігі айып тұрағына әкетілмек.

“Қалаға кіретін шығатын жолдарды қатаң қадағалаймыз. Сондықтан бейнебақылау камераларын көбейтіп, тағы 150-ден астам тас жолда бақылауды күшейткелі отырмыз”, – дейді «Алматы қаласын Дамыту орталығы» басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар