Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов қайта сотталатын болды

Шымкенттің сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов қайта сотталатын болды. Еңбекші аудандық сотында енді жазасын өтеушінің экономикалық қылмыстары қаралады.

1e06bbc0-fd27-4728-9e44-8a5910776aea

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғандай, Тоқтар Төлешовке қатысты сот отырысы 10 шілде күні басталады. Оған Қылмыстық кодекстің қаржылық және экономикалық қылмыстарға қатысты баптары бойынша айып тағылмақ.   Атап айтқанда, салықтан жалтару, қаржылық және бухгалтерлік есепте жалған мәліметтер беру, сондай-ақ аса ірі көлемде пара беру деректері бойынша.

Төлешовке осы қылмыстар жасауға қолғабыс еткен тағы 8 адам да айыпталушылар қатарын толықтырады. Оның үшеуі – әйел. Олар – сыра зауытының бұрынғы қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер. Айта кетейік, сот отырысына шақырылатын шенеуніктердің ісі  пара алған деген бап бойынша қаралады.

Бұған дейін хабарланғандай, соттағы басты кейіпкер Тоқтар Төлешов бірнеше қылмыстар бойынша: адам ұрлау, адам өлімі, заңсыз бас бостандығынан айыру, билікті төңкеруге қоғамдық үндеу тастау, билікті басып алу, экстремистік топ құру, қылмыстық топ құрып түрлі жоспарларды жүзеге асыру. Ол сондай-ақ, заңсыз қару айналысы, жарылғыш заттар сақтау бойынша да айыпталды. Жалпы бизнесменге қылмыстық кодекстің 16 бабы бойынша кінә тағылған. Сот Төлешовке 21 жылға үкім кесті.

Бұған дейін Төлешовтың арнайы операция арқылы ұсталанын, оның зауытын күзеткен азаматтардың ереуілге шыққанын, оның әйгілі сыра зауыты сатуға қойылғанын хабарлаған едік. ҰҚК: Төлешовтың жер реформасына қарсы наразылық шарасын қаржыландырғанын да мәлімдеген едік.

Тағы да оқыңыз:

“Каzахи” КВН-нен жеңген қаржыны Нияз Сүндеталиевке беретін болды

Қарағандылық мүгедек жігіт өзіне жиналған ақшаны ауру балаларға берді

Қытайда бұлшықеті қалыптасқан 7 жасар бала жарыстан 6 алтын медаль алды (фото)

Талқылау