Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Каzахи” КВН-нен жеңген қаржыны Нияз Сүндеталиевке беретін болды

Қазақстан КВНщиктерінің «Алтын» құрамы жеңген қаржылай ұтыстарын Нияз Сүндеталиевтің еміне беретін болып шешім қабылдапты.

квн

27 жастағы Қарағанды тұрғыны Нияз Сүндеталиевтің еміне барлық ұтысты беретін болдық деп «Алтын» құрамның мүшесі Малик Хасенов хабарлады,-деп жазды Қазақстан жаңалықтары.

Қарағанды тұрғыны  бірнеше жыл бұрын қайғылы оқиғаға тап болып, төсек тартып жатқан еді. Оның емі үшін басқа да белсенді азаматтар қаржылай қолдау көрсетуге мақсатында есеп ашып, ақша жинаған еді.

Тура сол кезде дәрігерлер жігітке ота жасауға болмайтынын айтқан. Нияз болса өзіне деп жиналған 5,5 миллион теңгені Аружан Саинның қорына аударған болатын.

«Біз барлығымыз ақылдаса келе,  осы бір айда банктен алатын қаржыны өзіміз батыр санайтын Ниязға береміз. Ол өзіне деп жиналған қаржыны «басқа науқасқа жаратыңдар» деп Аружан Саинның қорына аударған жомарт жан»,-деді  Хасенов.

«Каzахи» КВН командасы 1 шілде күнігі сайыста жеңіске жетіп,ресейлік банк оларға 400 мың рубль көлемінде сыйлық тағайындаған еді.

“Нияз өте жомарт жан. Дәрігерлер “сіздің отаңызға әлі екі жыл уақыт бар” дегенімен көпшілік өзінде тұрған қаржыны, ол сияқты  басқа науқасқа ұстатып қоя салмайды. Ерлігі үшін басымды иемін Ниязға”,-деп қосып өтті Хасенов.

Бұл жаңалықты Нияздың өзі журналистерден естіген.

«Мен таңғалып тұрмын, мұндайды күткен де жоқ едім. Әрине, өте қуаныштымын»,-деді Нияз Сүндеталиев телефон арқылы.

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық мүгедек жігіт өзіне жиналған ақшаны ауру балаларға берді

Қытайда бұлшықеті қалыптасқан 7 жасар бала жарыстан 6 алтын медаль алды (фото)

Қыз ба, ұл ма? Әлемдегі ең алғашқы жынысы анықталмаған сәби тіркеуге алынды

Қуыршаққа ұқсағысы келген трансвистит өзіне 58 рет ота жасатқан

 

 

 

Талқылау