Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «Жигули» көлігі ұрлап айдап бара жатқан жерде өшіп қалған

Ақпанның 7-сінен 8-не қараған түні Шымкентте алаяқтардың кесірінен төрт көлікке зақым келді. Беймәлім біреулер «Жигули» көлігін айдап әкетпекші болған. Алайда, олар көлікті алыса айдап кете алмаған.

Безымянный

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

отпечатки пальцев на угнанном авто

Көлік 100 метр жүргеннен кейін рөлі бұрылмай, жүрмей қалған. Көлік қойылған жерінен 100 метр жерден табылған.

Ал, осы көшеде тұрған «Опель» көлігінің барлық дөңгелектері кесіліп, ішіндегі магнитофон жоғалған.

Дәл осындай тағы бір «Опель» көлігінің иесі бұдан да ауыр жағдайда қалды. Оның көлігі түгелдей жанып кеткен. Таңға жуық тұрғындар жанып жатқан Көлікті көріп, өздігімен өртті сөндіруге тырысқан. Өрт сөндіру қызметіне де хабарласқан. Олар аталған жерге тез арада келіп үлгерген. Ал, полицейлер оқиға орнына бірнеше сағат өткен соң бірақ келген.

«Опель» көлігі толықтай жанып кеткен. Тіпті, өрт көлік қойылған жердегі ғимаратты да шарпып өткен.

поджог машины

сгоревший опель

«Біз өртті көрген бойда полицейлерге хабарластық. Ал, олар барлығы біткен соң, таңғы 11-улер шамасында ғана келді. Енді біз ОҚО ІІД-не арыз жазамыз»,- дейді ғимарат иесі Мереш Жарлықова.

 

пострадавшая

 

Талқылау