Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны не үшін тойын жетімдер үйінде атап өткенін түсіндірді

Шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойы алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізді.

3

Мейірман мен Сәнияның өздері осы мекеменің түлектері емес. Дегенмен жетім балаларға дастархан жайған екен, деп хабарлайды КТК.

1

"Жетім балалар қандай тойға барып жүр дейсің. Әрқайсының күлгені қуаныш әкелді. Бірі қалыңдықпен  мен де билеймін деп, екіншісі мен билей алмай қалдым ғой деп бір шетте жылағаны да бар. Барлығы қуанышты. Өзіміздің де көзімізге жас келді шыны керек”,- деді күйеу жігіт Мейірман Сауранбек.

Тойдың  қызығы бүлдіршіндер қалыңдықтың жанынан үйіріліп шықпайды. Жас жұбайлармен әбден билеп, суретке түсті.

Той алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізуді шаңырақ көтеруші Мейірман бұрыннан ойлап жүрген екен. Кортежге ақша шығарғанша, асаба жалдап, балалар үйінде дастархан жайғысы келетінін  естігенде, оған кей жолдастары күлген.

Тіпті, келіншегі Сәния да алғашында лимузинмен қыдыруда қаласа, жас күйеуінің ақылынан соң райынан қайтып келісім берген. Сөйтіп, жас жұбайлар екі сағаттай балалар үйіндегі отырыстан соң, туыстарымен мейрамханада тойлатқан. Ең қуанышты күнін жетімдермен ортақтасқан жас жұбайлар енді балалар үйіне жиі келіп тұрмақшы.

Талқылау