Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күзетшінің өзі болып шықты

Полицейлер бұл қылмысқа күдікті ретінде бұған дейін жәбірленуші деп танылған қонақ үйдің 20 жастағы күзетшісін ұстады. Күдікті бұл әрекетті өзі қызмет ететін күзет агенттігіндегі басшылардың назарын аудару үшін жасаған.

1449377645-360

Бұл туралы Stan.kz-тың Шымкенттегі тілшісі хабарлайды.

Яғни, 22 желтоқсан күні Шымкенттегі қонақ үйлердің бірін күзеткен жас жігіт өз-өзін пышақпен жарақаттап, ғимарат маңына ішінде электр сымдары бар  қорапты қалдырған. Одан соң, полицияға қоңырау шалып жалған ақпарат берген. Күдікті бұл әрекетін өзі қызмет ететін күзет агенттігіндегі басшылардың назарын өзіне аударып, басшылықтың марапатына ие боларымын деген үмітпен жасаған деп түсіндіреді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазір бұл оқиғаға байланысты ҚР ҚК 419-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Дәйек болар заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Шымкент қонақүйінде күзетшіні пышақтап, жарылғыш зат қойып кеткен адамның іздестіріліп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау