Шымкентте туған ұлын күрекпен сабаған әке қамауға алынбайтын болды

49 жастағы азаматты ұстап, тергеген прокурорлар жалғызбасты әкеге аяушылық танытып отыр. Төртке де толмаған ұлын күрекпен де, қолмен де сабаған Пернебек Қарабаев болса, өз ісіне өкініш білдіруде. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

“Ұлымды жұрт ойлағандай ұрғам жоқ. Өмірімде барым да, нарым да осы балам ғой. Қасымбекті қатты жақсы көремін және ұрғаныма өкінемін”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Пернебек Қарабаев.

Кішкентай Қасымбекті анасы бір жарым жасында тастап кетіпті. Содан бері 3 жыл бойы Қасымбекті әкесі жалғыз бағып келеді. Әр жерде жалданып жұмыс істейтін ер адам, баласын өзімен бірге алып жүрген.

Кезекті мәрте жалданған жерінде сол үйдің әйелі ұлының тентектігіне сын айтыпты. Соған шамданған Пернебек қаршадай ұлын шапалақпен ұрып, ал күрекпен жәй қорқыттым дейді. Тек видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен соң жұрт шулап, дұрыс түсінбеген-мыс. Ал істің ақ-қарасын анықтап жатқан прокурорлар әке мен баланы ажыратудың қажеті жоқ деп отыр.

“Мысалы, бала әкесінің қасында «папалап» жүгіріп жүр. Оны бөліп алып қайтеміз. Сондықтан, оған қазіргі жағдайда шара қолданған жоқпыз”, – деді Еңбекші ауданының прокуроры Марат Сматов.

Оқи отырыңыз:

Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған мемқызметшілер жазалана бастады

Жаназа мен құдай тамақта ысырапшылдық жасағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Ақтөбе тұрғыны әйелі ауруханада жатқан кезде 12 жастағы қызын зорлаған

Мұсылмандар үшін қасиетті айда кімдердің дұғасы қабыл болмайды?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар