Жаназа мен құдай тамақта ысырапшылдық жасағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақ халқы әр нәрсенің қадіріне жете білген. Бабаларымыз «Барға қанағат, жоққа сабыр» деп тәуба етіп, Алла берген ырыздық, несібесін қанағат етіп келген.

Tng90X3Uj2gdNjq06hl7XxQq7AYc2A-e1450156514252

Қолындағы барын аз болса уайымдамай, көп болса тасымай өмір сүрген жұртпыз. Дегенмен бүгінгі таңда ысырапшылдық пен қанағатсыздық етек жайып, шариғатқа да дәстүрімізге де тым жат әрекеттер орын алуда, деп жазады muftyat.kz.

Осы бір түйіткілдің түйінін тарқатып, халықты туралыққа бастау мақсатында, бүгін қасиетті жұма күні «Һибатулла Тарази» мешітінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға Жамбыл облысының ақсақалдар кеңесі мен облыс және қала имамдары, облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақсақалдар қоғамдағы жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа наразы. Ал қашанда ортада әділдік орнатып отыратын қариялар бұл турасында дін мамандары мен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірге әрекет етуді жөн көріп отыр.

Бас қосу барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев ысырапшылдық, қанағатсыздық туралы сөз сөйлеп, дін мен дәстүрді тілге тиек етті. Бұл бастама үшін арнайы ашық хат жасалып, оны «Ғұмыр-Дария» газетінің Директор-бас редакторы Ж.Миллионов таныстырып өтті.

Ашық хатта қариялар: Жаназа өткізу тәртібі; Құдай тамақтардағы ысырапшылдық; Қара киіну туралы салт-дәстүр не дейді? Ұлттың рухани дамуына арналған бұқаралық ақпарат құралдары қажет деген төрт негізгі жайттарға тоқталды.

«Біздер, Жамбыл облысының бір топ ардагер-ақсақалдары ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын өз ортамызда талқылап, пікір алысқаннан кейін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген Ислам дінінің әдеп-ғұрпын, рәсімдерін ұстанудың қазіргі кезге тән қынжылыс туғызар мәселелері туралы жұртшылыққа Ашық хатпен қайырылуды жөн санадық,» – дейді хат мәтінінде.

Ардагерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын белсенді түрде ортаға салып талқыласты. Сонымен қатар ақсақалдарға мешіт атынан «Жаназа өткізу рәсімдері» кітабы сыйға тартылды. Мәжілісте құдай тамаққа арналып жасалатын дастарханның той дастарханымен бірдей болатындығы, оның ысырап екендігі айтылып, бұған қолданатын шара да қарастырылды.

Жиын соңында «Ата-бабадан келе жатқан асыл қасиет – қанағатты ардақтап, ысырапқорлық жасаудан аулақ болайық!» атты ашық хатқа облыстың ардагер-ақсақалдары мен облыстың бас имамы Данияр Жұмабаев және қаланың бас имамы Қанат Жұмағұлов қол қойды.

 

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі енгізілді

Соғыстағыларға өз қаржысына азық пен ұшақ алып берген қазақтың бай азаматын білесіз бе? (фото)

Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар