Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте төркініне қыдырып келген үш баланың анасы асылып өлді

29 наурыз күні Шымкенттегі 16 ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.

85855

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

25 жастағы келіншек өзінің ата-анасының үйіне қонаққа келген. Ол өзі күйеуі және балаларымен бірге қаланың басқа ауданында тұрыпты.

Туыстарының айтуынша, әйел кешкі уақытта дүкенге шығып кетіп жоғалған. Туыстары оны ұзақ күткеннен кейін іздеуге шыққан.

Алайда подъезден шығып үлгермей жатып, оны асылып тұрған күйінде тауып алады. Ол бесінші қабаттағы шатырға шығатын баспалдаққа асылған екен. Оның ата-анасы да осы қабатта тұрады.

Дереу шақырылған жедел жәрдем қызметкерлері тек әйелдің өліміне ғана куә болған. Оқиға орынында криминалист-сарапшылар жұмыс істеді.

Әйелдің үш баласы мен 26 жастағы күйеуі қалды. Олардың отбасылық өмірі туралы ештеңе белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады (видео)

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау