Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тегін нан таратылды

Шымкентте республика бойынша алғаш рет өңірдегі жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жергілікті тұрғындарға тегін нан тарату акциясын бастады.

Тегін нан

Бұл шараны Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен жүргізілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қайырымдылық ақциясын бірінші болып  Қаратау ауданына қарасты Сайрам елдімекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынбай Урайымжанов бастады.

Күн сайын жергілікті аз қамтылатын отбасыларға 200 бөлке нан таратады. Бүгінде Қаратау ауданында жалпы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1636 адам болса, оның ішінде 36 отбасы кедейлік шегінен төмен тұратындар.

 

Тегін нан

Қуантарлығы бұл қайрымдылық акциясы алдағы уақытта қаладағы бірнеше аудандарында жалғастырылады. Басты мақсат кәсіпкерлердің ел игілігі үшін еңбек етуін, бұқара халыққа пайдасын тигізуі болып табылады.

 

 

Талқылау