Шымкент соты бала зорлаған 16 жастағы жасөспірімді екінші рет ақтап шықты

2017 жылы ОҚО ауылдарының бірінде тұратын әйел көрші үйде тұратын жасөспірім баланың үстінен шағым түсірді. Айтуынша, 16 жастағы жасөспірім екі жыл бойы оның ұлын зорлап келген. Зорлыққа ұшыраған сәтте баланың жасы 10-ға да толмаған.

Шымкентте сот бала зорлаған 16 жастағы жасөспірімді екінші рет ақтап шықты

Бұл туралы “Отырар” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тергеу ісі аяқталған соң, іс сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында алқабилер жасөспірімді толықтай ақтап шықты. Зардап шеккен тарап аппеляцияға беріп, қайта тексеріс жүргізуді талап етті.

Облыстық коллегия шағымды қабылдап, істі қайта сотқа жіберген. Алайда сот екінші рет жасөспірімді жазықсыз деп таныды.

«Тергеу барысында жасөспірімнің кінәсі дәлелденген жоқ, зардап шегуші тарап қайта шағымдана алады»,  – деп түсіндірді судья-координатор Әбинұр Қарабаев.

Тағы оқыңыз: 

Оралда зираттан табылған сәбидің өліміне анасы күдіктелуде

Мемлекет жалған сертификатпен білім алған студенттерге қанша қаражат жұмсады

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар