Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шоколад мұражайына келушілер экспонаттарды ұрлап жеген

Шымкенте «Николя» шоколад мұражайына келушілері экспонаттардың дәмін татып көрді. Тіпті, келушілер қызметкерлердің тиіспеуін сұрағанына қарамастан кейбір экспонаттарды тістеп кеткен.

54

Бұл ақпаратты 31 арна хабарлады.

– Бізге ақ шоколадтан жасалған роялді келушілер тістеп, дәмін татып кеткендіктен 3 рет ауыстырдық. Кейбірі тіпті, кейбір экспонаттарды өзімен бірге алып кеткісі келген. Тіпті, Қазақстанда бірнеше шоколад рөмкесі жоғалып кетті. Келушілердің арасында кейбірі көздерімен көріп тұрса да экспонаттардың шоколадтан жасалғанын сенбегендер де болған, – дейді “Николя” шоколад мұражайының көрме ұйымдастырушысы Виктория Стибло.

Көрмеде сәулетті нысандардан бастап, суық қарулар, ас үйдің керек-жарақтары мен әшекей бұйымдарға дейін шоколадтан жасалған. Олардың барлығы жеуге жарамды. Никола Поповтың шоколад көрмесі әлемнің 40 қалаларын аралап шықты. Бұл көрмені жарты миллионға жуық адам көрді.

Ал көрмені көрсету Қазақстандағы Шымкент қаласы Алматыдан кейін екінші болды.

Талқылау