Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өзіне қол жұмсап өлген 11-сынып оқушысының  ата-анасы жазықсыз адам түрмеге қамалуы мүмкін деп қорқып отыр

Шымкентте өзіне қол жұмсап қайтыс болған 11-сынып оқушысының ата-анасы ұлының өліміне қатысы жоқ оқушының қамауға алынғанын айтып, жазықсыз адам соттала ма деп қорқып отыр. Қазіргі уақытта марқұмның өліміне қатысты бірнеше күдіктіден жауап алынып жатыр екен.

Шымкентте өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының  ата-анасы жазықсыз адам түрмеге қамалуы мүмкін деп қорқып отыр

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал қайтыс болған Ерсұлтан Ахметовтың туыстары ол өлер алдындағы хатта жазып кеткен оқушылардың есімен көрсеткен. Алайда, хатта аты аталған 4 оқушы да күдіктілер тізімінде жол болып шықты.

Ерсұлтанның өліміне қатысы бар күдікті ретінде сот залында отырған оқушы марқұмнан бір жас кіші екен. Марқұмның анасының сөзінше, ұлы жазып кеткен хатта оның аты аталмаған, күдіктілердің барлығы ұлының сыныптастары болыпты.

Әйелдің айтуынша, оның бастапқыда полицияға берген шағымы жоқ болып кетіпті. Арада 20 күн өткеннен кейін ол қайта шағы түсірген. Ал полициядағылар  «10 сынып оқушысын қамап алсақ, қалғандары артынан қамала береді» деген көрінеді. Марқұмның туыстары полиция қызметкерлерінің осы сөзіне сеніп қалғандарын айтуда.

«Міне, қазір төрт ай түгілі, бес айдан өтіп жатыр. Әлі ештеңе шыққан жоқ, ол баланы жазасыздан-жазасыз қамап отыр. Менің талабым сол, төрт бала жазасын алуы керек. Менің балам көрде жатады екен де, бұлар неге талтаңдап көшеде жүреді екен», – дейді марқұмның анасы Фатима Ақылбекова.

Ал күдікке ілінген 10-сынып оқушысының туыстарының сөзінше, олар сот отырысында бірқатар таңқаларлық оқиғаларға тап болған. Онда марқұмның соңғы хатында есімі аталған оқушылар жәбірленуші ретінде тіркелген.

Ал 10-сынып оқушысына қатысты сынып жетекшісі берген оң мінездемені тергеушілер қабылдамай қойған. Мұны сынып жетекшісі де растап отыр.

«Жақсылап берген мінездемесін «жамандап жазып бер, алмаймын, жұмысыңнан құрисың» деп айтқан. Ал оның жамандап жазып әкеп бер деуге құқы жоқ қой», – дейді 10 сыныпта оқитын күдіктінің әкесі Бекболат Нұрлаев.

Ендігі марқұмның туыстары хатта есімі аталған 4 оқушыны жауапқа тартуды сұрап, тағы да арыз берді.

Ал өзіне қол жұмсаған оқушы оқыған мектептің директоры, директордың орынбасарлары мен ұстаздар тек сөгіспен шектелген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау