Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты

Шымкентте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты. Тағы екеуі хал үстінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

g_0bd39704286683b0f74f6efe792f881c_2_1400x1100

Қанды оқиға бірер сағат бұрын ғана қылмыспен аты шыққан Ворошиловка ауылында болды. Атыс мешіттің жанында болғандықтан, полицейлер сондағы кезметкерлерден де жауап алып жатыр. Оқиға орнын арнайы жасақ қоршауға алып, маңайдағы аулалар да түгел тексерілуде.

Куәгерлердің сөзінше көз жұмған баланың жасы небәрі 14-те екен. Ал, көкірек тұсы мен жамбасынан оқ тиген екеудің өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Әзірге, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаментіндегілер атыстың себебі мен кінәлілер туралы жақ ашпаса да, Ворошиловка ауылында қылмыстың алдын-алу жұмыстары ақсап тұрғанын ашық мойындап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ

Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек

Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыз шекарада 59 мың долларынан айырылды

Талқылау