Шымкентте көлік қаққан 17 жасар қыз мерт болды

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 8:53

Шымкент қаласында жаяу жүргіншілерді көлік қағып, нәтижесінде 17 жасар қыз қаза болды. Қайғылы жағдай 2016 жылдың 25 маусымы күні болған.

news1463021588

Сурет kursiv.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, Тәуке хан мен Қарасу көшелерінің қиылысында «Мерседес-бенц 300» маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1983 жылғы облыс орталығының тұрғыны жаяу жүргіншілерді қағып кетеді. Соның салдарынан үш бала зардап шекті: 1999 және 2015 жылы туған қыздар мен 2000 жылы туған ер бала.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 17 жасар қыз алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда есін жимаған күйі қаза болды. Өзге екі жасөспірім дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Полицейлер аталған жайтты тіркеп, қылмысты кодекстің 345-бабымен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) іс қозғады. Жол-көлік оқиғасының кінәлі «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар