Шымкенттік қажы қантты оқып беріп адамдарды маскүнемдіктен құтқарып жүр

Бейсенбі, 28 Шілде , 2016 15:42

Оңтүстік басылымына хат жолдаған тұрғын өзінің маскүнемдікке ойда-жоқта қалай тап болған жағдайымен бөлісіпті.

Alcohol abuse: drunk young woman or student lying down on a table with beer bock still in hand, focus on glass up front.

Фото: telegraf.com.ua

Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.

Әу баста туған күн кешінен басталған аз-маз дәм тату, кейін түбегейлі тәуелділікке алып келеді.

“Содан уақыт өте келе қалай маскүнемге айналып шыға келгенімді өзім де байқамай қалдым. Бір күн ішпесем тұра алмаймын. Күйеуім мен балаларым ұрсады, мені жалғыз тастап кететіндерін айтып қорқытады. Оларға енді ішпеймін деп уәде беремін, бірақ қайтадан ішіп қойғанымды өзім де байқамай қаламын. Ақырында араққа сылқия тойып, ебіл-дебілім шығып жылап отыратын күйге жеттім. Ішімдіктің салдарынан қан құрамымдағы қант та көтеріліп кетіпті. Яғни бір аурудан құтыла алмай жүргенімде екеу-үшеуін жамап алдым”, – дейді ол.

Балалары анасын талай жерге апарады. Диспансерде жатып, мықты деген нарколог-дәрігерге де қаралады. Тіпті қазақи жолмен емдейтін тәуіпке де барады. Алайда еш нәтиже жоқ. Ақырында Шымкентте тұратын Нағима-қажы деген емшіге барып көрінеді. Ол мұны біреу сыртынан дуалағанын айтып, адыраспан мен қантқа дұға оқып береді.

“Оқып берген қантты тұтынған кезден бастап, араққа аңсарым аумайтын болды. Біреу айтса, сенбес едім, өз басымнан осындай жағдай өткен соң менің таңқалмасқа шарам қалмады. Аяғым да ауырмайды, қан құрамындағы қант та төмен түскен. Кейін тағы бір алдына барғанымда емшіге ризашылығымды білдіріп, не кереметі барын сұрап едім, ол: “Кереметтің бәрі құранда. Құранның бір әрпіне мың періште жұмыс жасайды екен деген сөз бар. Шын ықыласпен оқыса, Құран сүрелерінің шипа болмайтын ауруы жоқ”, – деп жауап берді”, – дейді тұрғын.

Нағима қажының халық емшілігімен айналысып келе жатқанына жиырма бес жыл болыпты. Ол кісінің “Рухани емшілер магистрі” деген ордені, “Өтеу­бойдақ”, “Халық емшілігіне – 20 жыл”, “Халық емшілері ардагері” деген төсбелгілері бар, тәжірибелі емші екен. Өмірден орнын таба алмай жүрген талай жалғызбасты әйелдер мен ерлердің өз теңдерін табуына, жұмыссыздықтың қамытын киіп, жоқшылықтан көз ашпай жүргендердің жолын ашып, жұмысқа орналасып кетуіне, үйін, көлігін сата алмай жүрген талайлардың саудасы жүріп кетуіне де септігін тигізген кездері көп болыпты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар