Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Шымкентте қайғылы оқиға болып, нәтижесінде 27 жастағы Гүлбағым Есжанова көз жұмды.

14_11_3-12.mp4_snapshot_00.44_2016.11.14_18.36.24-e1479127068629

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.

Әйелдің күйеуі оның талып құлап көз жұмғанын айтады. Алайда Гүлбағымның туыстары оған сенбейді. Олар күйеуі қинап, ұрып-соғып өлтірді дейді.

“Нұрсәтте олар әкімдіктің жанында балаларымен бірге тұрған кезде құлап, талмасы ұстап, тілін жұтып қойды. Сараптамада солай айтып жатыр. Онда уақыты көрсетілмеген. Мен 103-ке хабарласып, қоңырау түсті ме деп сұрап едім, олар ешқандай хабар түспегенін айтты. Мен келгеннен кейін олар дереу өзгеріп, жедел жәрдем кешіккен болуы мүмкін деді”, – дейді ашуланған ағасы Данияр Есжанов.

555556665

Ал күйеудің туыстары болса, келіндегі шаштараздан қайтып келе жатып жолда құлады дегенді алға тартады. Күйеуінің әйелдің өліміне еш қатысы да жоқ көрінеді.

“Айдос, Гүлбағым және екі баласы шаштараздан келе жатты. Кенеттен ол талмасы ұстап құлап қалды. Жедел жәрдем өте ұзақ жүрді. Жүргіншілер көмектесіп, таксиге салып жіберді. Алайда ауруханаға жетем дегенше үлгермей көз жұмды”, – дейді күйеуінің туыстары.

“Гүлбағымның 5 жасар ұлы кеше әкесінің анасын ұрғанын, ал оның қашқанын айтты. Ол кенеттен артқа бұрылған кезде құлаған. Денесінен де тұншықтырған, ұрып-соққан іздер байқалады. 27 жыл ішінде бірде-бір рет талмасы ұстаған емес”, – дейді әпкесі Гүлмира.

IMG-20161114-WA0005

“Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша Қаратау полиция бөлімінің тергеушілері соңғы шешімді айтатын болады”, – деп хабарлады ОҚО ІІД басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Екі баланың анасы Гүлбағым Есжанова Қызылордада туған. 27 жастағы келіншек 8 жыл бұрын тұрмысқа шыққан.

Оқи отырыңыз:

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Оқытушы колледждегі жұмыстың көптігіне шыдамай көпірден секіріп кетті

Қазақстанда танымал журналист бопсалау дерегі бойынша тұтқынға алынды

Елдің ең құрметті азаматына Астанадан пәтер сыйға беріледі

Талқылау