Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бала сатқан қылмыстық топтың соңғы мүшесі сотталды

Шымкентте нәресте сатқан қылмыстық топтың соңғы мүшесі абақтыға жіберілді. Эльмира Дәулетованың ісін қараған судья оны 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

кеке

Бұған дейін онымен бірге 21 сәбиді сатып жіберген 5 сыбайласы түрлі мерзімге сотталған болатын. Айыпталушы әйел залдан кісенсіз шықпайтынын сезген болуы керек судья кірмей тұрып бала-шағасымен қоштасты. Үкімді жылап тұрып тыңдаған ол 3 бап бойынша кінәлі деп танылды.

Туа сала баласынан бас тартқан әйелдер туралы перзентхана қызметкерлері Дәулетоваға өздері хабарлап отырған. Делдал әйел нәрестелерге АХАЖ бөліміндегі танысы арқылы жалған құжат жасауға да атсалысқан екен. Осы қызметі үшін 35 жастағы әйел әр баланың асырап алушысынан кемі 300 мың теңге алыпты. Өзінің де 4 баласы бар екенін және тергеуге барынша көмектескенін ескерген судья оған, өзге сыбайластарына қарағанда, ең жеңіл жаза кесіп отыр. Енді Эльмира Дәулетова алдағы 5 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізбек.

Талқылау