Шымкентте бүтіндей бір отбасыны көлігімен таптап өткен лауазымды полицей жазадан сытылып кетуі мүмкін

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 21:26

Тәртіпсіз сақшының кесірінен бір отбасының ойраны шықты! Шымкентте лауазымды полицей көлігімен қарсы бетке шығып, жаяу жолақта жөнімен кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыларды кішкентай ұлымен таптап кетті. Ауыр соққыдан отағасы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, әйелі мен 9 жастағы жеткіншек хал үстінде жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

7474

Ал жол тәртібін өрескел бұзған 32 жастағы Жандос Оразәлиев Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінде білдей бастық. Сондықтан, ағайын-туыс шенді азамат әдеттегідей жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.

Видеоны жол апатынан кейін оқиға куәгерлері түсіріп алған. БМВ-ның жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағына тоқтамай, бір отбасының үш адамын қағып өте шыққан. Су жаңа көлік тізгініндегі азамат тіпті тежегішті басқан жоқ дейді куәгерлер.

“Біреуі ары қарай ұшып кетеді, біреуі бері қарай ұшып кетеді. Кішкентай бала велосипедпен ұшып кетеді. 20 метрге ұшты. Қатты соққы болды. Мен бомба жарылды ма деп жүгіріп шықтым анау бұрыштан”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Оразәлі Кенжебеков.

Жол апатынан 38 жастағы Ғалымжан оқиға орнында тіл тартпай кетсе, келіншегі Бағила мен 9 жасар ұлы Бағдаулеттің басы жарылып, аяқ-қолы сынған. Аурухананы торуылдап, жақындарының жағдайына алаңдаған туыстары кінәлі тараптың күніге сан мәрте келіп, кешірім сұрағанын айтады.

“Ешқандай кешірім бермеймін. Қызым екі аяғына тік тұрып, екі аяғымен үйге келеді, сол уақытта ғана кешірім берем”, – дейді Бағиланың анасы Қатира Мұстафаева.

Ал, жылдамдықты асырып қарсы бетке шыққан Сайрам аудандық полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің бастығы Жандос Оразәлиев. Немере ағасы талай жыл Ішкі істер департаментін басқарғанын және оңтүстіктің түрлі құзырлы мекемесінде лауазымды ағайындары бар екенін білген жұрт бүгін жол апаты болған орынға жиналды. Олар Оразәлиев те жазадан оңай құтыла ма деп алаңдаулы.

“Полицейлерге сенім жоқ. Біз сияқты қарапайым адамдар қаламыз баламен мүгедек болып, кім бізге қарайды? Сондықтан мына жерге камера орнатып берсін”, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Айзада Бекпенбетова.

Ал бүкіл күнгейге атышулы Оразәлиевтерден ықты ма әйтеуір не ішкі істер департаменті, не прокуратурадан сөйлеп берер жан табылмады. Кей мәлімет бойынша жол апатын жасаған БМВ ішінен бірнеше қару да табылыпты.

Алайда, ішкі істер департаментіндегілер көліктен табылған қару-жараққа байланысты да жақ ашпай отыр. Әлдебір баппен іс қозғалып, күдікті қамауға алынды дегеннен ары асып ақпарат бере алмай отырған олар бірнеше сараптама тағайындапты. Әзірге бұл жағдаймен арнайы құрылған комиссия айналысып жатыр. Алайда күнгей жұрты полицейлер әулетінің өкілі қатаң жаза аларына сенбей отыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда намазханалар мен діни іс-шаралар өтетін орындарға қойылатын талаптар өзгерді

Қалыңдық көйлегін киіп алған бір топ жігіттер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қызылордада полицейлер “телефон ұрладың” деп оқушыны алып кетіп, іздеп барған әпкесін қамап тастаған

Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар