Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте аю зообақ қызметкерінің саусағын қыршып алды

Шымкенттегі зообақта аю тазалықшы болып қызмет істейтін ер адамның саусағын тістеп алған.

6ad6bb9281082ea278638db99fb6ecf4

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Төтенше жағдай 24 мамыр күні таңертең болған. 52 жастағы Серікбай Юнусовты ауруханаға “жедел жәрдеммен” жеткізген.

cf17f993b5a47cc405d0c8b13b02d5ee

“Мен торларды тазалап жүргенмін. Ал келушілер үнемі жыртқыштарға тамақ беріп тұрады. Қас-қағым сәтте болды бәрі. Мен түсінбей де қалдым”, – дейді Юнусов.

36b4bd65662f3ec210596c822d6a57e4

Зардап шегушімен бірге ауруханаға зообақтың техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері де келген. Ол бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай немесе абайсызда болған жәйт деп бағалайды. Ал ашулы аюдың жасы 5-6-ларда екен. Дәрігерлер болған жағдайды полицияға да хабарлаған. Бұл ретте ОҚО ІІД қандай шара қолданатыны белгісіз.

Талқылау