Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте арзан пәтерге таласқан жұрт полицейлермен жаға жыртыса жаздады

Үлестіргелі жатқан 492 пәтерден дәмелі жұрт 4 күннен бері таңғы сағат алтыдан келсе де кіре алмай жатырмыз деп ашынады. Есесіне, кезекті қадағалауы тиіс тәртіп сақшылары таныстарын ғана өткізіп жатыр екен.

Безымянныйллл

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ал, әкімдік өкілдері қараша қанша шулағанымен пайда жоқ деп отыр. Себебі, жұрт жаппай құжат тапсырғанмен үй саны шектеулі.

Шымкенттік тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы мекемесінің алдында 4 күннен бері осы жағдай. Полицейлер мен әкімдік өкілдері мекемеге кіруге ұмтылған халықты баса алмай әуре. Ал, дүйсенбіден бері таңғы 6-дан кешкі 8-ге дейін ипотекаға болсын үй аламыз деп жиналғандардың шенеуніктерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, шенділердің өздері таныстарын кезексіз кіргізіп жатыр екен.

“Азанда келесің, кезекке жазыласың. Ешкім кіре алмайды, ешкім сөйлесе алмайды. Танысы бар, ақшасы барлар кіріп сөйлесіп жатыр. Мына жердегі полицейлер өздерінің таныстарын кіргізіп жатыр. Өз көзімізбен көрдік, -дейді Шымкент қаласының тұрғыны Эльвира Бекқұлова.

Кіру мұң болған мекемеден шығып жатқандардың да жағдайы мәз емес. Кейбірі тіпті есінен танып жатыр.

Ал, жұрттың бірден бұлай ағылуына берілгелі жатқан пәтер туралы ақпарат халыққа дұрыс жеткізілмеуі себеп болған.

“Көп азаматтардың несиесі бар ма, қара тізімге  түскен бе оны бізге көрсетпейді. Бізде ол базада жоқ. Оны біз тексере алмаймыз қазір. Жолдама бергеннен кейін банк өз тарапынан бұның бәрін тексереді. Көп азаматтар төлем қабілетін растамауы да мүмкін. Сондықтан артығымен алып жатқанымыз да сол”, – дейді Шымкент қалалық тұрғын-үй секторының меңгерушісі Гүлнар Әшірбаева.

Бас-аяғы 492 пәтерді алуға 4 күн ішінде 2 жарым мыңнан астам адам құжат тапсырыпты. Тек соның 246-сын жас отбасылар алса қалғанын жетімдер, мүгедек асырап отырған отбасылар мен бюджеттік мекеме қызметкерлеріне ғана бұйырмақ.

Талқылау