Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 9 адамды қаққан ер адам көлікті жүргізу куәлігінсіз айдаған

Шымкентте жол апатын жасап төрт жасар баланың өліміне себепкер болған жігіт, одан бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Бұл туралы ОҚО ІІД хабарлады.

20160515133021

Сурет inform.kz

Еске сала кетсек, 19 мамыр күні шамамен 12.50-де Фарбичный көшесінде Audi-100 көлігін тізгіндеген 1997 жылы туған жергілікті тұрғын аялдамада тұрған адамдарды қағып өткен. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдықты тым асырып жіберіп, рөлге ие бола алмай қалған.

Жол апаты нәтижесінде жарақат алған төрт жасар бала қайтыс болды. Тағы 7 адам, екі әйел және бес бала (2007,2009,2010 жылы туған) жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда екі жас әйел адам ауыр жағайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша тергеу изоляторында. Тергеушілер анықтағандай, ол әкесінің рұқсатынсыз көліктің кілтін алып оталдырып кетіп қалған. Сондай-ақ, ол Шымкент қалалық мамандандырылған сотының шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында көлік жүргізу құқығынан да айырылған екен.

Талқылау