Шымкентте 4 адамның өмірін қиған жүргізуші марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 23:37

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізіп, 4 адамның ажалына себепкер болған Мұрат Танкеев тергеу аяқталғанша екі айға абақтыға қамалды. Ол сот залында қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрады,- деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкент

Қайтыс болған жанұядан кешірім сұраймын, халықтан кешірім сұраймын. Болған іске қатты өкінемін. Балаларын танитын едім Бекзатты. Суреттерін көрдім әкелерінің де. Бейнелері көз алдымнан кетпейді. Кешірім сұраймын. Кінәмді толығымен мойындаймын.-деді Мұрат Танкеев

Қамауға алынған соң есі кіріп, кешірім сұрап жатқан ол жол апаты болған түні марқұмдардың туыстарын балағаттап басынған еді. Оңтүстікке танымал диірменшінің баласы тіпті ішкі істер департаментінде лауазымды қызмет атқаратын ағасын айтып қорқытқан.

24 жастағы Мұрат Танкеев сенбі күні Лексус-570 көлігімен қарсы бетке шығып кетіп Аудиді соққан еді. Салдарынан неміс көлігінің ішіндегі бір үйдің 4 адамы қаза тапқан. Екеуі 1 және 5 жастағы балалар. Апаттан соң оқиға орнынан қашпақ болған Танкеевті марқұмдардың туыстары жазаламақ болды. 24 жастағы бай баласы тек полицейлердің қорғаштауымен ғана аман қалды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар