Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны жол ережесін бұзған полицейлерді видеоға түсіріп алды

Көше қиылысына көлігін тастаған полицей қызметкерлері тұрғынның әшкерелеуінен кейін автотұраққа жіберілді.

Безымянный

Желіде полицейлердің екі көше қиылысында 7 қызметтік көлікті қатар қойып, демалып жатқан көрінісі жарияланды. Ролик авторы көліктерді жақыннан түсіре бастағанда полицейлер терезесін көтеріп, газды басқан.

«Көше қиылысынан 30 метр жерге автокөліктерді тұрақтауға тыйым салынған жол ережесі бар», – дейді видео авторы.

Дегенінен қайтпаған тұрғын сол орынға полиция шақыртқан. Алайда, олар келгенше бірнеше көлік кетіп қалған. Тіпті бір полицейдің асыққаны соншалық, белбеуін де тақпай, жарығын да жақпай жүріп кеткен. Соңында эвакуатор шақырылып, сол жерде қалған бір көлік айыптұрағына жеткізілді.

Талқылау