Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны баласын соқыр еткен баланың ата -анасы жауаптан сытылғанын айтады

Шымкент қаласының тұрғыны Шолпан Сүйіншәлиева  сегіз жастағы ұлын көз жанарынан айырған баланың ата-анасын жауапқа тартуды талап етуде.

көз бала

Бұл туралы STAN.KZ  сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Ашынған ана 11 жастағы бала мен оның отбасының жауаптан оңай құтылғанына налиды.  Ол бұл оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалуы мен материалдық және моральдық шығынын өтеуге күшін салмақ.

Екі айдан бері сегіз жастағы Әлидің көрген азабы көп. Аулада ойнап жүрген жерінде көрші бала оның көзіне садақпен атып жарақаттаған. Ауыр операциядан кейін бала бір көзінен айрылған. Уақытша протезбен жүрген Әли үшін оны тағудың өзі ауыр, дейді анасы. Айтуынша, ол баласын емдеу үшін жұмыстан кетуге мәжбүр болған.

«Сол кезде әке-шешесі «керек болса баламыздың көзін береміз» деп еді. Уақыт өте «әдейі жазым қылған жоқ» деп ат тонын ала қашуда. Заң бойынша баланың қылмысына 14 жасқа дейін ата-анасы жауапты. Ендеше жауап берсін. Істі жауып тастады. Толық отбасы екен деп. Баланы тіркеуге тұрғыздық деді. Олар сыртымыздан күліп тайраңдап жүр. Ал балам қиналып жатыр. Мына протезді киген сайын жан дауысы шығып жылайды. Қалай ғана төземін мен бұл қорлыққа. Әділдік қайда сонда?»,-  дейді Гүлмира Әуезова.

көз бала11

Осы уақыт ішінде Әлидің ем-домына анасы жарты миллион теңге жұмсапты. Үш баланы жалғыз өзі асырап отырған әйел әділдікті құқық қорғау органдарынан таппағанын айтады. Бала 14 жастан асқан соң ғана қылмыстық жауапқа тартылады деген желеумен істі жауып тастады, дейді ашынған ана. Баласы мүгедек болып қалған әйел бұзақының ата-анасын жазалауды талап етеді. Немесе адамгершілік танытып, ұлына жақсы ем көрсетіп, аяққа тұрғызуын сұрайды.

Талқылау