Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шымкент-шоу” ұйымдастырушылары оралдықтарға билет ақшаларын қайтармай қойды

Оралдағы “Зенит” мәдениет үйінде 7 наурыз күні “Шымкент-шоу” әзіл-сықақ театрының концерті қойылуы керек болған. Алайда концерт болмай, театр директоры Мырзахмет Егембердиев билет ақшаларын қайтарып беруден бас тартқан.

IMG_6531-800x600

Бұл туралы Мой Грод порталы хабарлайды.

Мәдениет үйіне жиырма шақты адам жиналған. Ал қалғандары түк шықпайтынын білгеннен кейін кетіп қалған.

“Біз концертке билетті 2500 теңгеден сатып алдық. Алайда, мұнда келгеннен кейін концерттің болмайтынын білдік. Бізге билетті ертеңгі концертке ауыстыруды ұсынды, бірақ, менің ертең мұнда келетін уақытым жоқ. Мен ақшамды қайтарып берулерін талап етіп жатырмын, ал олар берер емес”, – дейді Жеңіс.

Жиылғандар осындай жағдайдың бір күн бұрын қайталанғанын айтып жатты. Ал театр директоры бір актердің ауырып қалуы себепті, концерттің болмай қалғанын айтыпты.

“Біз сіздерге билеттеріңізді ертеңгі 19.00-ге ауыстыруларыңызды сұраймыз. Менің бір әртісім ауырып қалған, ол қазір ауруханада. Ол барынша тез емделіп қатарға қосылуға тырысып жатыр, егер аяққа тұрмаса оның орынына басқа актер ойнайды. Бірақ, көбісі билеттерін ауыстырғысы келмей жатыр”, – дейді театр директоры Мырзахмет Егембердиев.

“Сіздер мені дұрыс түсініңіздер. Егер олар билетті менен алса, мен қайтарып беруші едім. Мен олардың билеттерді қайдан сатып алғанын білмеймін. Дәл қазір менің қалтамда ақша жоқ. олар тек билет ақшаларын сатып алған жерлерінен талап етулері керек”, – деп атап өтті театр директоры.

IMG_6517-800x600 IMG_6519-800x600 IMG_6522-800x600  IMG_6536-800x600 IMG_6538-800x600

Талқылау